Өскеменде жарықшамдар неге күндіз жанып тұр – әкімдік жауабы

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласы әкімдігі күндіз неге жарықшамдары жанып тұрғандығын түсіндірді.

Фонари дорога
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Қала тұрғындары көшедегі жарықшамдардың күндізгі уақытта бостан босқа жанып тұратындығын жиі айтып жатады. Бүгін де Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы Көкжал Барақ көшесінде жарықшамдардың жанып тұрғандығы байқалған.

Бұның себебін Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен түсіндіріп берді.

«Жарық желісіндегі ақауларды анықтау мақсатында күндізгі уақытта кей көшелерде жарықшамдар жағылады. 7 қазан күні осындай тексеру жұмыстары Көкжал Барақ көшесінде жүргізілді», - деп хабарлады бөлім мамандары.

Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде 428 көшеде жанбай тұрған жарықшамдар қайта жарқырағанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар