Өскеменде күрделі жөндеуден кейін перзентхана ашылды

ӨСКЕМЕН. 15 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде Ана мен бала орталығының №2 перзентханасы есігін ашты.
None
None

Салтанатты шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Бұл - Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығына арналған іс-шаралардың аясында ашылып отырған алғашқы нысан.

Бұрынғы жылдары қалалық перзентхана орналасып келген бұл ескі ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, барлық орын-жайлар қайта жарақталды. Енді бұл перзентхана перинаталды көмекті аймақтандырудың 2-деңгейлі перзентханасы ретінде жұмыс істейтін болады.

Салтанатты рәсімде атап көрсетілгендей, қалада екінші перзентхананың ашылуына байланысты акушерлік көмек көрсетудің сапаы жақсара түспек.

Соңғы жаңалықтар