12:32, 07 Қараша 2013 | GMT +5
Өскеменде құрылыс фирмасының басшысы тұтқындалды
ӨСКЕМЕН. 7 қараша. ҚазАқпарат - Өскеменде «Құмаров және компания» құрылыс фирмасының басшысы Манарбек Құмаров қамауға алынды.

Оның фирмасы ұзақ жылдар бойы Өскеменде Қан орталығы мен Глубокое ауылында орталық аурухана құрылысын жүргізді. Бюджет қаржысын алған мердігер компания нысандардың құрылысын салмаған. Ал ақшаның қайда кеткені белгісіз. Бұл туралы брифинг барысында облыстың құрылыс басқармасының басшысы Серік Түленбергенов жеткізді.
Әкімшілік бизнесменмен соттасты, сот жеңді, алайда фирма басшысы одан басқа жұмысшыларға да бірнеше миллион ақша қарыз екені анықталды. Қарызға белшесінен батқан фирмадан алынған қаражат енді жұрттың «жалақысын» төлеуге жұмсалады.
Құрылыс ведомствосының басшысы әлеуметтік маңызды нысандардың салынбағанына «қатты алаңдаудамыз» дейді. Құрылыс қайта жанданады. Екі ғимаратты да 2014 жылдың басында пайдалануға беру көзделіп отыр.