Өскеменде құс етін терең өңдеу бойынша жаңа зауыт ашылды

Зауыт құрылысының инвестициялық көлемі - 1,779 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке қаржы 608,8 млн. теңге, 1170,2 млн. теңге - екінші деңгейлі банктерден алынған заем.
Зауыттың жобалық қуаттылығы жылына 12 мың тонна өнім. Өндірілетін өнім ассортименті - 150 түр, сондай-ақ құс етінің өнімдері және қызыл ет, шұжық өнімдері, деликатестер мен жартылай фабрикаттар. Жұмыс орнының саны - 400.
Жалпы, ет өндірісінің көлемі еліміздегі өндіріліп жатқан азық-түлік көлемінің 14% құрайды. Ет нарығының сыйымдылығы 1,2 млн. теңге.
Еліміздегі ет өңдеу кәсіпорындарымен 2012 жылы 264 мың тонна ет қайта өңделіп, оның өндірістегі жалпы көлемі 28% болды. Бұл 2011 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 38,3 мың тоннаға көп (24%).
2012 жылы еттің және ет өнімдерінің экспорттық көлемі 3,7 мың тоннаны құрады.
Агробизнес - 2020 шеңберінде әзірленген ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеуді дамыту бойынша Шебер-жоспарда етті қайта өңдеу саласы басымды болып келеді.
Шебер-жоспар шеңберінде етті дайындау көлемін ұлғайту дайындау механизмін ыңтайландыру арқылы жүргізу жоспарланып отыр. Бұл өндіріс қуаттылығын тиімді қолдануға сеп болмақ.
Сондай-ақ, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жаңа ет комбинаттарын құру және қолданыстағы қуаттылықты модернизациялау арқылы жоғарылату қарастырылуда.
Мұнымен қоса, осы саланың инвестициялық тартымдылығын жоғарлату үшін Министрлікпен кәсіпкерлерді қолдау механизмдері әзірленді:
-
Техника мен арнайы көлікке, құрал-жабдықтарға кеткен шығындарды жобаның жалпы құнының 30% көлемінде инвестициялық субсидиялау;
-
айналым қаражатын толықтыру, қажетті техникам мен жабдықтарды алу, құрылыстық-монтаждық жұмыстарға, кредит және лизинг бойынша сыйақы ставкаларын жеті жылға дейінгі несиеде 7% мөлшерлемеде субсидиялау.
Осы мақсаттарға 2020 жылға дейін 29,7 млрд. теңге көлемінде субсидияның бөлінуі жоспарланып отыр.