Өскеменде күйеуін пышақтап өлтірген әйел 8 жылға сотталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскеменде күйеуіне 6 рет пышақ сұғып өлтірген әйелге қатысты сот үкімі шықты. 

Өскеменде күйеуін пышақтап өлтірген әйел 8 жылға сотталды
Фото: freepik.com

Шығыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сол күні ерлі-зайыптылар үйде бірге ішімдік ішкен.

Екеуінің арасында жанжал шығып, әйелі күйеуіне пышақ ала жүгірген. Суық қаруды оның кеуде тұсына, арқасына барлығы 6 рет сұғып алған. Ер адам сол жерде көз жұмды. Әйел полицияға өзі хабар берген.

— Сот барысында айыпталушы күйеуінің әкесіне қатысты ауыр сөздер айтқанын жеткізді. Өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінетінін айтты. Сот шешімімен сотталушы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, — делінген ақпаратта.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін ирандық әйел 11 күйеуін улап өлтіргені хабарланған

Соңғы жаңалықтар