Өскеменде мас ер адам екі мектеп пен көлік вокзалын «миналады»

Бірінші хабарлама полицияға кешкі сағат 7-де келіп түскен. ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мобильдік телефонмен хабарласқан белгісіз біреу № 34 мектепке бомба салынғанын айтты.
«Сол кезде білім мекемесінде тек күзетші ғана болған, ол дереу қауіпсіз жерге шығарылды. Көп ұзамай «жедел жәрдем» қызметкерлері оларға белгісіз ер адамнан № 34 мектеп пен көлік вокзалының ғимаратында да жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келгенін айтты», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Полицияда мекмелердің ешқайсынан бомбалар анықталмағанын түсіндірді. Ғимараттарды «миналаған» ер адам сол кеште ұсталды.
«Әзілдегісі келген ер адам - сол күні Өскеменде болған Ұлан ауданының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам мас болып, көңіл көтергісі келген. 273-бап («Лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Полицияда ер адамның қалалық мекемелерді «миналап» тастаған себебін нақтыламай отыр.