Өскеменде «МинТех-2009» атты халықаралық көрме ашылды

ӨСКЕМЕН. Мамырдың 20-сы. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде тау-кен өндіретін технология мен қондырғылар, металлургия және көмір өнеркәсібінің 7-ші халықаралық «МинТех-2009» атты көрмесі ашылды, ол мамырдың 22-іне дейін жалғасады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Биылғы жылғы халықаралық көрмеге Ресейден, Украинадан, Қытайдан, Польшадан, Германиядан, Финляндиядан, Словакиядан, Швециядан және Қазақстаннан 55 компания қатысуда.Ашылу кезінде атап көрсетілгендей, көрмені ұйымдастыруға ҚР Үкіметі, «Қазақмыс» корпорациясы, минералдық шикізатты кешенді түрде қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталық, ТүстіМеталл ғылыми-зерттеу институты мен ШҚО әкімдігі қолдау көрсетуде.«МинТех» көрмесі 2003 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келеді, ол дәстүрлі түрде Қазақстандағы ірі индустриялық орталықтар - Қарағанды мен Өскемен қалаларында ұйымдастырылып келеді. Биылғы жылғы көрмеде де жоғарыда аталып өткен өндірістік салалардың танымал өндірушілерінің жаңа жабдықтары мен консалтингтік және инжинирингтік қызметтері, материалдық-техникалық жабдықтар ұсынылды.Дәстүр бойынша көрменің бірінші күнінде ТҮСТІМЕТАЛЛ ғылыми-зерттеу институты базасында аталған салалардың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық конференция өтеді. Бүгін түстен кейін «Кен-металлургия өндірісінің технологиясын дамыту және инновациялық жасалымдар» тақырыбына арналған халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Қалған күндері, жұмысқа бөлінген уақыттарда қатысушылар көптеген семинарларға қатысады және қаланың металлургиялық өндіріс орындарында болады.
Соңғы жаңалықтар