Өскеменде «Нұр Отан» партиясының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының жүзеге асырылу мәселесі жөнінде азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» атты акциясы басталды

Өскемендегі қабылдауларды Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы, «Даму» АҚ жетекшілері және «Қазкоммерцбанк» АҚ, «Қазақстанның Халық банкі» АҚ, «БТА Банк» АҚ және тағы да басқа мекемелердің аймақтық филиал жетекшілері жүргізетін болады.
Акция екі күнге жалғасады және ҚР-ның 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының негізгі жағдайларының жүзеге асырылуы мен талқылануы бойынша нақты мақсат қойылады. Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңес бюросының отырысында дәл осындай міндет қойған.
Акцияның ең басты мақсаты қоғамды Бизнестің жол картасы стратегиялық бағдарламасының қайлай жүзеге асырылып жатқандығымен кең көлемде ақпараттандыру, сондай-ақ осы бағдарламаның жүзеге асырылу барысында туындаған мәселелердің шешімін іздестіру.