Өскеменде оралмандардың облыстық форумы өтуде

Облыстық форум желтоқсанның 25-інде басталды. Халық шығармашылығының көрмесі ашылып, онда жергілікті оралмандар әзірлеген ғажайып заттар қойылған.
Облыстық форумның жұмысына Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев, Моңғолияның Баянөлгий округының әкімі Қабыл Секей, Ресей Федерациясы Қосағаш әкімшілігі басшысының орынбасары Ерболат Бегенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы Тамара Дүйсенова қатысуда.
Қазақстанға - атажұртқа 1 миллионға жуық қазақтар оралды, олардың 46 мыңы - облыс халқының 4,6 пайызын құрайтын шығысқазақстандық оралмандар. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15 мың отбасыны құрайтын оралмандарға арналған квотаның 20 мыңға дейін ұлғайтылғанын еске саламыз.
Облыстық әкімдікте Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев форум аяқталған бойда Курчатовта тұратын оралман бес отбасына пәтерлердің кілттерін тапсыратынын айтты және бірнеше отбасы жер актісін алатын болады.
Желтоқсанның 25-інде сегіз аталым - «Үздік» - фермер, қожалық, кәсіпкер, ұстаз, спортшы, жаттықтырушы және т.б. бойынша оралмандар арасында облыстық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау өтеді.