Өскеменде өрт ғимараттың 2450 шаршы метр аумағын шарпыды

АСТАНА. KAZINFORM – Өрт сөндірушілер Лихарев көшесіндегі бір қабатты ғимаратты алып кеткен өртті сөндірді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

В Усть-Каменогорске ликвидирован пожар на площади 2450 квадратных метров
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері жоғары деңгейлі өрт шақыртуы бойынша шықты. Қою түтін, ауа температурасының жоғарылығы жұмысты қиындатып, өртті сөндіруге кедергі болды.

- Оқиға болған жерде өрт сөндіру штабы құрылды. Су үздіксіз беріліп тұрды. Өрт сөндіру ісін ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің жетекшісі Рашид Блялов басқарды, - деп хабарлады ведомстводан.

Осыған дейін Алматыда өрт сөндірушілердің оқу-жаттығуы өткені туралы жазған едік.

 

Соңғы жаңалықтар