19:22, 16 Қараша 2016 | GMT +5
Өскеменде прокурорлар жалған дипломы бар педагогтарды анықтады
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Курчатов қаласының прокурорлары жоғары оқу орындарын аяқтамай, жалған дипломмен жұмыс істеп жүрген білім беру органдарының қызметкерлерін анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыстық прокуратураның ақпаратына сілтеме жасап.

Кәмелетке толмағандарға білім беріп жүрген ұстаздардың барлығы бірдей ЖОО тәмамдамағаны анықталды. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің өкілдері прокурорларды осы университеттің дипломдарына ие, бірақ түлектердің тізімінде тіркелмеген Курчатовтағы білім беру мекемесенің 3 қызметкері (педагогтар мен тәрбиешілер) туралы хабардар еткен.
«Курчатов қалалық сотының шешімімен әрбір заң бұзушыға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Қадағалау ведомствосы педагогтар мен тәрбиешілердің жалған құжаттарды қандай жолмен және кімнің көмегімен алғандарын тексермекші. Қазір тексеру жұмыстарымен Семей АІІБ айналысуда», - деп хабарланды облыстық прокуратурадан.