Өскеменде РФ-ның Бас консулдығы ашылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде РФ Бас консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
None
None

«Мен Бүгін Өскеменде ашылған Ресей Федерациясының Бас консулдығы Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары мен сол жерлерде тұратын адамдардың игілігі үшін, сонымен бірге, қазақстан-ресей қарым-қатынасы үшін жұмыс істейді деген сенімдемін», - деді РФ-ның Қазақстандағы елшісі Михаил Бочарников.

Оның сөзіне қарағанда, Ресейдің дипломатиялық өкілдігі Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімінен кейін ізінше құрылуы заңды.

«Бұл Келісім біздің достықта, өзара тиімді ынтымақтастықта өмір сүретінімізді аңғартады. Өскеменде Ресейдің Бас консулдығының ашылуы жайлы шешім біздің Президенттер қойған міндеттермен жақсы үйлеседі», - деп атап өтті шара барасында Михаил Бочарников.

Ол Бас хатшы Сергей Анненков бастағын бас консулдық қызметкерлерін құттықтап, оларға жұмыста сәттілік тіледі.

«Біз Тәуелсіздік алған күннен бастап біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуда біздің дипломатиялық қызметтерге қандай орын мен роль берілгенін жақсы түсінеміз», - деп атап өтті ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев. - Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігі біздің елдер арасындағы өзара тиімді серіктестік, достық қарым-қатынасты дамыту үшін үлкен қолдау көрсетіп келеді. Қазақстанда Ресейдің үшінші консулдығының Өскеменде ашылуы біздің қарым-қатынастарды дамытуға қосымша серпін береді. Және, бастысы, азаматтарды түрлі құжаттарды Астана немесе алматыға бармай-ақ алуын жеңілдетеді».

ШҚО әкімі атап өткендей, Ресей мен Қазақстанның халықтары бір-біріне көмек пен қолдау көретіп отырулары керек.

«Қазір Алтай аймағында қайғылы жағдай орын алды, біздің көршілеріміз топан судың астында қалды. Біз оларға азық-түлік, киім-кешек, қажетті заттармен керуен жібердік. Мен жаңа ғана Алтай аймағының губернаторы Александр Карлинмен сөйлестім, олардың жағдайлары қалай екенін сұрастырдым. Осы сияқты табиғи апаттар болғанда, біз бірімізге-біріміз көмектесуіміз керек», - деп атап өтті әкім.

Соңғы жаңалықтар