Өскеменде рұқсат етілмеген жерге шомылмақ болған ер адам суға ағып кете жаздады

құтқарылды
Фото: ШҚО ТЖД видеосынан кадр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласында Үлбі өзеніне ағып кеткен ер адамға құтқарушылар көмекке келді.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға бүгін Протозанов көшесінің маңындағы Үлбі өзенінде болған. Көмек сұрап айқайлаған дауысты естіп қалған куәгерлер құтқарушылар шақырды.

«Сол жерге қайықпен келген ТЖД қызметкерлері ер адамды көрді. Белгілі болғандай, ол ыстық күнде жабдықталмаған жерде шомылмақ болған. Алайда оны ағыс алып кетіп, соның салдарынан өздігінен жағаға жете алмады», - делінген ақпаратта.

Құтқарушылар 30 жастағы азаматты судан алып шығып, қауіпсіз жерге жеткізіп, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды. Абырой болғанда, оның денсаулығына ешқандай зиян келмеген.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram