12:13, 03 Ақпан 2009 | GMT +5
Өскеменде санақшыларға арналған екі күндік оқу курстары басталды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде санақ парақшалары мен басқа да құжаттарды толтыру бойынша екі күндік оқу семинары басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Семинар ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында өтетін ұлттық санақ кезінде халық арасында сауалнама жүргізетін мамандарға арнап өткізілуде. Облыс орталығында жұмысқа алынып отырған 33 санақ бөлімінің меңгерушісі мен 263 нұсқаушы-бақылаушысы екі күнгі семинар барысында арнайы дайындықтан өтеді.