Өскеменде саяжайдан мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласының іргесіндегі саяжайдан мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды. 

Өскеменде саяжайдан мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қаланың бау-бақша қоғамдарының бірінде мәйіті табылған әйел адамды өлтірді деген күдіктіні ұстады. Оның өңірге басқа қаладан келгені анықталды.

«56 жастағы ер адам бұрын сотты болған. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске салсақ, осыған дейін Өскемен іргесіндегі саяжайдан әйелдің мәйіті табылғаны хабарлаған. 

Осыдан кейін қаладағы саяжайларды маньяк торуылдап жүргені жайлы жалған ақпарат тарап кетті. 

Соңғы жаңалықтар