Өскеменде саяжайшыларға базарлардан өнімдерін сататын тегін орын берілді

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ардагерлер кеңесі төрағасының сөзіне қарағанда, олар қала әкімі Ислам Әбішевке хат жазып, қаланың орталығына қарағанда, шағынаудандарда жеміс-көкөніс өнмдерінің бағасы жоғары болып отырғанына шағым жасаған. «Мәселен, жергілікті жылыжайда өсірілген қызанақтың бағасы бізде 180-200 теңге тұрады, ал қалада оның бір килограмы 140-160 теңгені құрайды. Біздің шағымдарымызға қала басшылығы шұғыл үн қатып, қазір баға бір жобаға келіп қалды», - деді ардагер Серік Оразбақұлы.
Қалалық әкімдіктің кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Светлана Давыдова базар әкімшіліктерімен уағдаластыққа қол жеткізіліп, меморандумдар жасалғанын, енді негізгі көкөніс өнімдеріне сауда үстемесі 10-15 пайыздан аспайтынын айтты.
Саудагерлермен тіл табысу оңайға түскен жоқ, бірақ жағдайды түзеуге мүмкіндік жасалды. Аудан әкімінің өкімімен көшедегі сауда тәртіпке салынды, сондай-ақ әр базарда саяжайшылардың өз өнімдерін өткізуі үшін арнайы тегін сауда орындары бөлінді.