11:06, 04 Қазан 2013 | GMT +5
Өскеменде шетелдік маркалы көлік жол жиегіндегі бетон тұғырға соғылды, 4 адам ажал құшты
ӨСКЕМЕН. 4 қазан. ҚазАқпарат - Өскемен қаласының орталығында «Тайота-Камри» жүргізушісі көлікті басқару тетігіне ие бола алмай, жол жиегіндегі бетон тұғырға соғылған.

Апат салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті. Шетелдік маркалы көлік салонында болған тағы екі жолаушы түрлі дәрежедегі сынық жарақатымен ауруханаға жатқызылды.