Өскеменде ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы жұмысын бастайды

КЕМЕН. 17 қараша. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Достық Үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының XVI сессиясы өтеді.
None
None

Сессияда ШҚО ҚХА-ның елдің қалыптасу жылдарындағы ұлтаралық келісімді нығайту жөніндегі жұмыс қорытындылары шығарылады. Ассамблея қызметінің ауқымы жыл асқан сайын ұлғая түсуде, этномәдени бірлестіктердің, достық үйлерінің саны өсіп келеді. 2011 жылдың өзінде ғана аймақта Курчатов қаласында және Бородулиха ауданында екі достық үйі ашылды.

Бүгінде ШҚО-да сегіз халықтар достығы үйі белсенді жұмыс жасап отыр. Биылғы жылы оларды ұстап тұруға және облыстық достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің әртүрлі мәдени-бұқаралық шараларын өткізуге 46,8 млн. теңге бюджет қаражаты бөлінді. Өткен жылы бұл мақсаттарға 34,5 млн. теңге жұмсалған болатын. Биылғы жылдың мамыр-қыркүйек айларында Өскеменде орналасқан Этноауылда мемлекеттік және ұлттық мерекелерге арналған 20-дан астам тақырыптық және концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Аймақта көп тілді үйренуге, сондай-ақ, мемлекеттік тілді және ұлыстардың ана тілін дамытуға қызығушылық арта түсті. Тіл үйрететін 14 бөлімшеде сонымен қатар аймақты мекендейтін халықтардың мәдени-тұрмыстық салт-дәстүрлерін зерделеуге көңіл бөлінуде. Мәселен, «Возрождение» мектебінде биыл 18 мемлекеттік тілді үйрету сыныптары және екіжылдық бағдарламалармен халықтар мәдениетін зерделеу топтары ашылды.

Аймақта ұлысаралық қатынастарға жүйелі мониторинг жүргізіліп, бұл жұмыстар жедел және ғылыми тұрғыда жоспарланып отырады. Бұл жұмысты Ассамблеяның ғылыми-сарапшы тобы атқаруда, оның құрамында саясаттанушылар, демографтар, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері бар. «Қазақстандағы және оған шектес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Ресейден, Беларустан, Чехиядан, Франциядан ғалымдар қатысты.

Облыстағы барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шаралар жоспарын және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу тұғырнамасын жүзеге асыруға белсене қатысуда. Мерекелі жылы облыс ұлыстарының мәдени күндері аясында «Туған жер - алтын бесігім» атты облыстық акция өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар