Өскеменде Шығыс кентін салған компаниялар жазаға тартылды - ШҚО прокуроры

ӨСКЕМЕН. 14 қараша. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысындағы Шығыс кентінде үйлерді сапасыз салған мердігерлер жазаға тартылды.
None
None

Мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланып, құрылыс жұмыстарының есеп тапсыру мерзімін бұзғаны үшін «Құмаров и К» ЖШС директоры қамауға алынды. Бұл туралы кент тұрғындарымен өткен кездесуде облыс прокуроры Бағбан Тайымбетов мәлім етті.

«Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша ауылдағы жылу және жарық мәселелері шешілді. Құрылыс жұмыстарының сапасыз жүргізілгеніне шағымданған тұрғындар қысты жылы үйде өткізуге үмітті.

298 үй тұрғызған «Бытстрой» ЖШС олқылықтарын қазір «Берел-Құрылыс» ЖШС орнына келтіріп жатыр. Құрылыс компаниясы бірінші кезекте өз қаржыларына әлеуметтік жағдайы төмен 80 отбасының үйін жөндеуде, деп хабарлады ақпарат орталығынан.

Соңғы жаңалықтар