20:20, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Өскеменде тағы бір хоккей модулі ашылды
ӨСКЕМЕН. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін Өскеменде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «Қазақмыс» салған жаңа хоккей модулі ашылды.

Ашылу салтанатына «Қазақмыс» корпорациясы басқармасының төрағасы Эдуард Огай және Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.
Өңір басшысы атап өткендей, өткен жылы Президенттің қатысуымен облыс орталығында «Қазақмыс» ЖШС-нің қаражатына алғашқы хоккей модулі ашылған еді. Бүгін аталмыш компанияның қаражаты есебінен екінші хоккей модулі ашылды.
Атап өткен жөн, екі хоккей модулінде үш мыңнан астам бүлдіршін хоккеймен айналысатын болады.
«Қазақмыс» басшылығы, өз кезегінде Шемонаиха және Семейде хоккей модульдерін салуға уәде етті.