Өскеменде темір жол көпіріне жарылғыш қойылды деген ақпарат тексерілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде кеше кешке темір жол көпіріне жарылғыш қойылды деген ақпарат жалған болып шықты.
Құқық қорғау қызметі оқиға орнынан күдікті сөмкені тапқан соң осы аумақтағы қоршау алынды. Осы бағыттағы жолда көлік қозғалысы қалпына келтірілді.