Өскеменде «Төмен бағалы көмір» іс-шарасы өтіп жатыр
Осы жылы әлеуметтік баға бойынша 45 мың тонна көмірді сату көзделген, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Бір тонна көмірдің құны - 3 850 теңге. «Төмен бағалы» көмір акциясы қала әкімдігі мен «Қаражыра» басшылығының арасындағы Өскемен тұрғындары үшін көмірді төмен бағамен сату жөнінде қол қойылған меморандумның арқасында өткен қыс маусымында басталған болатын, биыл да бұл бастама жалғасын таппақ, деп толықтырды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Қаладағы әлеуметтік бағдарламалар және еңбекпен қамту бөлімі жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірлесе отырып көмірді төмен бағаға сатып ала алатын тұрғындар тізімін жасайды. Олардың қатарына Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушылары, мүгедектер мен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғыз басты зейнеткерлер кіреді. Ал бұл акцияның орындалу барысын қалалық қоғамдық кеңес бақылайтын болады.