Өскеменде «Үлкен Алтай - Орталық Азияның бірегей сирек топырақты-алтын-полиметалдық провинциясы» халықаралық конференциясы өтеді

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскемендегі «Алтай» аймақтық технопаркінде бүгін Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің өкілдерінің қатысуымен «Үлкен Алтай - Орталық Азияның бірегей сирек топырақты-алтын-полиметалдық провинциясы» деген тақырыпта халықаралық конференция ашылады.
None
None

Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлағандай, үш күнге созылатын конференцияның аясында екі жалпы және 16 секциялық мәжілістер өтеді. Сондай-ақ, Өскемен қаласындағы кен-металлургиялық кәсіпорындар мен Николаев кенішіне экскурсиялар жоспарланып отыр.

Конференцияға Шығыс Қазақтан әкімдігі, Қытай, Моңғолия, Ресей және Қазақстанның салалық министрліктері ұйытқы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар