Өскеменде ұлттық спорт түрлерінен ІІІ республикалық фестиваль ашылды

КЕМЕН. 22 қыркүйек. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ІІІ республикалық фестиваль басталды.
None
None

Фестивальдің салтанатты ашылуы кеше қалалық «Восток» стадионында өтті. Жарыстар алты күнге созылады, оған еліміздің барлық аймақтарынан спортшылар қатысуда. Сайыс турнирлері барлық ұлттық ат спорт түрінен, бүркітшілік, «Сәнді киіз үйлер», «Керемет сәйгүлік» аталымдарында да өтеді.

Қаланың денешынықтыру және сауықтыру кешендерінде асық ату, тоғызқұмалақ, қазақша-күрес, жекпе-жек сайыстары болмақ. Оның алдында өткен баспасөз мәслихатында ат спорт мен бүркітші сайыстарының қызықты болатыны хабарланды.

Фестивальға жақын және алыс шетелдерден де қонақтар келді. Мәселен, Словения мен Чехиядан жарысты көзімен көруге арнайы келгендер бар. «Бұл жарыстар біз үшін ғана, емес, бүкіл Қазақстан үшін маңызды» - деді жарыстың ашылуында «Алыпсоқ» федерациясының өкілі, спортшы Рымбек Әбікенов. - Бұл ұлттық спорт түрлерін халықаралық деңгейге көтеру». Бүгін Винное аулындағы атшабарда көкпар, бүркітші және аударыспақ ойындары өтеді. Фестивальді ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жеңімпаздарын марапаттау Өскемен Мәдениет сарайында 26 қыркүйекте болмақ.

Соңғы жаңалықтар