Өскеменде видеотіркеу жүйесі орнатылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында видеотіркеу жүйесін орнату жоспарлануда. Бұл жоба облыстық әкімдікте өткен жиында қаралды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Өскеменде видеотіркеу жүйесі орнатылады

«Видеотіркеу жүйесін жол жүру ережелерін бұзушылықты тіркеу үшін қаланың қозғалысы көп жол қиылыстарына орнату жоспарланған. Төленген айыппұлдар шығындарды өтеуге және құрылғылар алуға жұмсалады», - делінді әкімдікте өткен жиында.

Жоба жүзеге асырылған жағдайларда жүргізушілердің жазадан қашып құтылуы қиынға соғады. Бұл жүйе өз кезегінде тәртіп орнатып, жол апаттарын алдын алуға және жол оқиғасынан зардап шегушілер санын азайтуға мүмкіндік береді.