Өскеменде зауыттағы жарылыстан 4 адам зардап шекті

АСТАНА. KAZINFORM — Қазіргі уақытта «Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

скорая помощь
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Құтқарушылар ғимарат конструкцияларын бөлшектеп, өрт ошақтарына су құйып жатыр.

— Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді. Оқиға орнында 40 адам жеке құрам мен 10 техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, өрттің жалпы ауданы анықталады. ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Еске салсақ, Өскемендегі кәсіпорындардың бірінде жойқын жарылыс болды.

Кейіннен зауыттағы жарылыстан соң ауа сапасы тексеріліп жатқаны хабарланды.