Өскеменде жарнама конструкциялары бақылауға алынды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменде орнатылған жарнамалық конструкцияларға бақылау жүргізетін жұмыс тобы құрылды.
None
None

Бүгінгі күні қалада сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін шамамен 446 конструкция орналастырылған. 2015 жылдың тамыз айында жалға алу мерзімі өтіп кеткен жарнамалық конструкцияларға арналған жер телімдерінің тізімі анықталды. Тізімдегі 47 учаскенің ішінде 19-на айыппұл салынды, тағы 19-ындағы жарнама конструкциясы бұзылды. 6 учаске бойынша иелерінің орналасқан жері туралы мәлімет жоқ, екеуі басқа тұлғаларға беріліп кеткен.

Қазір қалған учаскелер бойынша заң бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар