22:40, 03 Мамыр 2024 | GMT +5
Өскеменде жас жігіт Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болды
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында Антикор маңындағы ғимаратты өртемек болған ер адам ұсталды.

Оқиға бүгін қаладағы Стрелка ауданында болған.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің маңындағы әкімшілік ғимаратты өртемек болған адам ұсталды.
«Полиция қызметкерлері 19 жастағы жігітті ұстады. Заңбұзушылық жасағаны үшін ол әкімшілік қамаққа алынды», — деп хабарлады ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ер адамның не себепті мұндай қадамға бармақ болғаны әлі анықталған жоқ.
Тәртіп сақшылары тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Еске салсақ, осыған дейін ШҚО-дағы өндіріс орнынан екі адамның сүйегі табылғаны хабарланған.