09:05, 30 Қаңтар 2026 | GMT +5
Өскеменде жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтеді
ӨСКЕМЕН.KAZINFORM - Өскемен қаласында Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың жүлдесі үшін жеңіл атлетикадан ірі халықаралық турнир өтеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған жарыс World Athletics Indoor Tour сериясының Silver санатындағы кезеңге жатады.
Сайыста жүгіру түрлерімен қатар техникалық дисциплиналар бойынша да медальдар сарапқа салынады.
Турнирде көрсетілген нәтижелер World Athletics-тің әлемдік рейтингіне есепке алынады.
Жарыс 14 ақпанда Өскемендегі Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығында өтеді. Кіру - тегін.
Айта кетейік, Аустралия ашық чемпионатының финалына шыққаннан кейін қазақстандық теннисші Елена Рыбакина дүйсенбіде жаңартылатын әлемдік рейтингіде үшінші орынға көтеріледі.