Өскеменде жерүсті галереясы мен айналма жол құрылыстарының жобалары қаралуда

ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Өскеменде жерүсті галереялары мен айналма жол құрылыстарының жобалары қаралуда.
None
None

Жерүсті галереялардың бірі қаланың орталығындағы жиі ызасу басып қала беретін жерасты өткелін алмастыратын болады. Қазір жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өскеменнің көшелері тар ескі аудандарында да осындай төрт жерүсті галереясын салу жоспарланып отыр.

Қала әкімі Ислам Әбішевтің айтуынша, бұл нысандардың құрылыстары кәсіпкерлердің қаражатына салынбақ. «Біздің ұсынысымыз кәсіпкерлердің ықыласын аударып отыр. Біз аталған жерлерде өркениетті сауда нүктелерін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қалай болғанда, жерасты өткелін алмастыратын галереяны бірінші кезекте тұрғызамыз», дейді әкім.

Тағы бір жоба - көлік кептелектерінен үнемі көз ашпайтын Үлбі көпірі ауданындағы айналма жолдың құрылысы. Бұл нысанның жобалары мен есеп-қисаптары жақын арада дайын болады.

Қалалық әкімдіктен хабарлағандай, жергілікті өкімет ұзақ қыстан кейін техникалық жағдайлары алаңдаушылық туғызып отырған қаладағы үш көпірді қайта жаңартуға және Меновное кентінде жаңа көпір салуға қаржы бөлу туралы ҚР Үкіметіне бюджеттік өтініш жасап отыр.

Соңғы жаңалықтар