Өскеменде жылыту маусымы 5 қазанда басталмақ

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласында жылыту маусымы 5 қазанда басталады деп жоспарланып отыр.

отопление
Фото: Алматы әкімдігі

ШҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша 44,7 шақырым жылу желілері жаңғыртылып жатыр. Бұл тозу деңгейін 3,5%-ға төмендетуге мүмкіндік береді. 

— Қазіргі уақытта жылу электр орталықтарының дайындығы 98%, оның ішінде қазандықтар 99%, турбоагрегаттар 97% құрайды. 737 шақырым электр желілерінде, 49 қосалқы станцияда және 91 трансформаторлық қосалқы станцияларда жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстары толық көлемде аяқталды, — делінген ақпаратта.

Облыс тұйықтарында 13,4 мың тонна көмір бар. Жылу көздері үшін 650 мың тонна көмір жеткізілген.

— Глубокое, Алтай және Катонқарағай аудандарында жылыту маусымы 1 қазанда басталады деп күтілуде. Ал Өскемен қаласында, Зайсан, Күршім, Ұлан, Марқакөл, Үлкен Нарын және Шемонаиха аудандарында маусымды 5 қазаннан бастау жоспарланған, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін СҚО-да жылыту маусымы басталғаны хабарланған.