Өскеменде жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемен полицейлері 19 желтоқсанда жоғалып кеткен жетінші сынып оқушысы Наталья Угольникованы тапты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Бұдан бұрын хабарланғандай, полицейлер 19 желтоқсаннан бастап, анасының шағымы бойынша кәмелеттік жасқа толмаған Натальяны іздеді. Туыстары, таныстары анықталып, достары, сыныптастары, жоғалған күні көрген адамдар сұралды.

Іздеу шаралары облыс аумағында жүзеге асты. Жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында ол аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Еріктілер қыздың өз өміріне көңілі толмағандықтан үйінен кетіп қалғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар