Өскеменде жөндеуге жарамайтын 5 трамвай істен шығарылады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласында жөндеуге жарамайтын 5 трамвай істен шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскеменде жөндеуге жарамайтын 5 трамвай істен шығарылады
Фото: instagram.com/tramway_oskemen

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС мәліметіне сүйенсек, қаладағы бірнеше трамвай істен шығарылмақ.

«Парктегі трамвайлар тұрақты түрде тексеріліп, керек кезде жөнделіп отырады. Алайда кейбір трамвайлар тым тозып кетті. Сондықтан оларды жөндегеннен гөрі істен шығарып тастаған тиімдірек. Жуық арада барлығы 5 трамвай істен шығарылады», - дейді ЖШС директоры Михаил Чайка.

Оның айтуынша, осыдан бірнеше жыл бұрын Өскеменге Алматыда қолданыста болған 13 трамвай жеткізілген болатын. Сондағы екі ескі трамвай істен шығарылмақ.

Еске салсақ, биыл тамыз айында Өскеменде трамвай жолақысы қымбаттайтындығын хабарлаған едік.