08:16, 03 Қазан 2013 | GMT +5
Өскеменде жылу беріле бастады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - «Өскемен жылу жүйелері» АҚ жылу маусымына техникалық жағынан дайын көпқабатты үйлерге жылу бере бастады, деп хабарлайды аталған ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап Аltaynews.kz.

Өскемен қаласында жылу маусымына қосу жұмыстары биыл 2-11 қазан аралығында жүргізіледі. Ғимараттарды жылуға қосу таяудағы бес күн ішінде толық аяқталады.
Жылу беру кестесі ukteplo.kz сайтында жарияланған. Кез-келген өскемендік осы порталдан өзінің мекенжайын тауып, қай күні жылуға қосылатынын біле алады.
Тізімде жоқ тұрғындар өздерінің пәтер иелерінің комитетіне хабарласып, оның анық-қанығын анықтаулары қажет.