Өскемендегі Ертіс көпірінің астындағы жаңа жол қашан ашылады

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласындағы Ертіс көпірінің астымен өтетін жаңа жол желтоқсан айының соңына дейін ашылады. 

көпір
Фото: Өскемен қаласы әкімдігінен

Қазіргі уақытта жол бөлігіндегі құрылыс жұмыстары толық аяқталған.

— Көпір астындағы жол төрт жолақты болады. Өзен жақ бетінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуар мен оны көлік жолынан бөліп тұратын шағын аймақ қарастырылған. Сондай-ақ бұл аумақта жарықтандыру жүйесі де толық орнатылған. Қазіргі уақытта техникалық тұрғыда жол көлік қозғалысына дайын. Алдағы күндері бағдаршамдар іске қосылады, - деп хабарлады Өскемен қаласы әкімдігі. 

Жаңа жол пайдалануға берілген соң айналма жолдағы көлік қозғалысының жүктемесі шамамен 20 пайызға азаяды деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, осы Ертіс көпірінде үнемі таңертең және кешке ұзын-сонар көлік кептілісі болады. Себебі халық көп тұратын Жібек маталар комбинаты ықшамауданына апарар негізгі жол осы.

Еске салсақ, бұған дейін Өскеменде қираған Шнайдер көпірі бір жылда қайта салынатыны хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум