Өскемендегі уақытша ұстау изоляторларында санитарлық талаптар сақталмаған – прокуратура

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласының прокуратурасы уақытша ұстау изоляторларындағы азаматтар құқықтарының қаншалықты сақталғанын тексерді.

Қазақстанда түрмедегі тұтқындар саны 7 мыңға артты
Фото: Pexels

Осы жылдың басынан бері қылмыстық қудалау органдары 138 адамды ұстап, олардың 97-сі уақытша ұстау изоляторларына қамауға алынған. Прокурорлар сол мекемелердегі талаптардың сақталмағанын анықтады.

- «Заң және тәртіп» республикалық акциясы аясында азаматтардың, соның ішінде қоғамнан оқшауланған жағдайда жүргендердің құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Осы бағытта прокуратура уәкілетті органдардың мамандарын тарта отырып, уақытша ұстау изоляторындағы азаматтарды ұстау жағдайларына жоспарлы тексеру жүргізді. Тексеру барысында санитарлық-тұрмыстық талаптардың және ұстау режимінің сақталуына қатысты бірқатар заңбұзушылық анықталды, - делінген ақпаратта.

Қадағалау іс-шараларының нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, осыған дейін Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясына қабылдау жеңілдейтіндігі хабарланған. 

Соңғы жаңалықтар