Өскемендегі жылу магистраліндегі апат: Жөндеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Өскемен қаласындағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында кеше жылу магистраліндегі құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалған болатын. Қазіргі уақытта оқиға орнында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

құбыр апаты
Фото: ШҚО әкімдігі

Жібек маталар комбинаты ықшам ауданындағы жылу магистраліндегі апаттан 14 819 абонент жылусыз қалды. 

Қазір сол жерде екі бригада ауысыммен жұмыс істеуде. Жөндеу жұмыстары үздіксіз жүргізіліп жатыр. 

«Барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар бар. Апат шыққан жерді анықтаған соң дереу дәнекерлеу жұмыстарына кірістік. Қазір даладағы ауа температурасы +1 градус», - дейді «Шығыс жылу» АҚ жылу энергиясын беру департаментінің директоры Асқар Оспанов.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының хабарлауынша, барлық жұмыс тәуліктің бірінші жартысында аяқталып, одан кейін үйлерге жылу беріледі. 

Еске салсақ, осыған дейін Өскемендегі жылу магистралінде құбыр жарылғаны хабарланған

Соңғы жаңалықтар