Өскемендегі екі мектепке он екі жылдық білім беру енгізіледі

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Бүгін Өскемендегі 50 мектеп 33 мың оқушыға есігін айқара ашты. Ал 3700 бірінші сынып оқушылары алғаш рет партаға отырды.
None
None

«Оқушылардың жалпы саны өткен жылмен салыстырғанда 1200 адамға, ал бірінші сыныптағылар 400-ге көбейді», - деді жаңа оқу жылының ашылу салтанатында қалалық білім беру бөлімінің басшысы Александр Кузнецов. Білім күніне арналған салтанатты рәсімде ол балалар мен олардың ата-аналарына төзімділік пен тыныштық, ал барша қала тұрғындарына өзара түсіністік, денсаулық, бақ пен береке тіледі.

Қалалық білім беру бөлімі басшысының ақпаратына қарағанда, биылғы жылы облыс орталығындағы екі мектепке тәжірибе ретінде он екі жылдық оқу жүйесі енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар