Өскемендегі қала азаматтарының тең жартысы медициналық қызмет сапасына көңілдері толмайды - «Жас Отан» ЖҚ сауалнамасы
Анонимді сауалнамаға 575 адам қатысса, оның ішінде 319 адам қызмет сапасына көңілі толатынын, 256 адам көңілдері толмайтынын айтқан. «Жас Отан» Жастар қанаты қалалық филиалының атқарушы хатшысы Данияр Тинеевтің айтуынша, сауалнамаға қатысқан әрбір екінші азамат қызмет сапасына қанағатсыз екенін көрсеткен. Сапасыз жұмыстың басты себебі ретінде медицина қызметкерлерінің алатын жалақысының аздығы айтылды, сонымен қатар қалалық дәрігерлердің біліктілік деңгейі де жоғары екені айтылған.
«Жасотандықтардың» сауалнама жүргізудегі басты мақсаты емханаларда болатын кезектің себебін анықтау, емдеу мекемелеріндегі ұйымдастыру жұмыстарының сапасын анықтау, сайып келгенде «денсаулық сақтау әрбір адам үшін қолжетімті болуын» қамтамасыз ету. Денсаулық сақтау мекемелері жастардың бұл жұмысына түсіністікпен қарағанын айта кеткен дұрыс.