Өскемендегі май зауытының аумағынан өрт шықты

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскемендегі май зауытының аумағынан өрт шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.

Өскемендегі май зауытының аумағынан өрт шықты
«ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері 150 шаршы метр аумақта өртті оқшаулады. Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде қазандық, цех шатырының ағаш конструкциялары, көлемі 40 текше метр және 70 текше метр күнбағыс қабығы бар 2 бункер өртенген. Өртті сөндіруге 47 адам мен 10 бірлік техника жұмылдырылды», - делінген хабарламада.

Өрттің себебі анықталуда. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.