Өскемендегі мемлекеттік рәміздер тауы оқиғалар орталығына айналды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік рәміздер күні «Қазақстан» тауына - мемлекеттік символдар тауына көтерілген ең жас спортшы 5 жаста, ал ең үлкені - 73 жаста.
None
None

Бұрын хабарланғандай, Өскеменде бүгін «Қазақстан» тауына шығу мен жаңа мемлекеттік қызметкерлердің ант беру рәсімі өтті.

«Жыл сайын осы дәстүрлі шараға қатысамын. Мемлекеттік рәміздер күні өтіп жатқаны заңды. Өз Елтаңбасы, Туы және Әнұраны бар тұрақты, бейбіт елде өмір сүріп жатқанымызға қуаныштымыз, - деді өз құттықтау сөзінде спорт ардагері Виктор Хабдуллин.

Бұдан соң бағдарлама бойынша мемлекеттік қызметке қайта қабылданған және «Нұр Отан» партиясы қатарына жаңадан қосылғандардың ант беру рәсімі ұйымдастырылды. Оған мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібеков пен облыс әкімшілігі қатысты.

«Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Мемлекеттік рәміздер күні еліміз үшін айрықша қадірлі, аса маңызды. Бұл патриотизмнің мерекесі. Біздің мемлекеттік рәміздеріміз 20 жылдан астам уақыт елдегі қызметін атқарып келеді. Елтаңбада бейнеленген шаңырақты бүкіл әлем таниды. Қазақстан Республикасының көк байрағының олимпиадада желбірейтіні қуантады. Ал ұлттық ою-өрнек халықтың тарихқа деген жақсы қарым-қатынасын көрсетеді, - деді Жандарбек Мәлібеков.

Соңғы жаңалықтар