11:09, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өскемендік хоккей жанкүйерлеріне бүкіл маусымға абонемент тарту етілді
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - «Жанкүйерлік өтілдері» жарты ғасырға жуықтаған, өскемендік «Казцинк-Торпедо» командасының ең берілген 45 жанкүйері компаниядан өз командаларының хоккей ойындарына тегін абономенттер алды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олар ? «Казцинктің» акционерлік қоғамының ардагерлері, бұрынғы кәсіпқой спортшылар, бүгінгі зейнеткерлер. Олар трибунада әрқашан бірге отырып, өз командаларын белсенді қолдап отырады. Ардагерлер бірде-бір ойынды өткізген емес, ал олардың кейбіреулері өздерінің «жанкүйерлік өтілдерін» осыдан 50 жылдан бұрын бастаған.