Өскемендік полицейлер эпилепсиямен ауыратын қыздың өмірін сақтап қалды

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскемен қаласының полиция қызметкерлері эпилепсиямен ауыратын қыздың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өскемендік полицейлер эпилепсиямен ауыратын қыздың өмірін сақтап қалды

Қалалық Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары қызды эпилепсия ұстамасы кезінде құтқарып қалған.

«Қыз бен жігіт дәмханаға келген, Сол кезде 19 жастағы бойжеткеннің кенеттен эпилепсиясы ұстап қалды. Осы маңда кезекшілікте жүрген полиция қызметкерлері көмекке ұмтылды», - делінген ақпаратта.

Патрульдік полицейлер жедел әрекет етіп, қызды көлікпен №1 қалалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлер қызға қажетті көмек көрсеткен.

«Сол күні Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының инспекторлары аға лейтенанттар Әли Қасымқанов пен Жасұлан Тұрсынғали кезекшілікте болды. Олар қызға дер кезінде көмекке келді. Қазіргі кезде бойжеткеннің жағдайы жақсы. Оның үйіне оралғанына қуаныштымыз», - деді басқарма бастығының бірінші орынбасары Орал Рыспаев.