21:09, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Өскемендік төрт оқушы тарихтан, биологиядан және математикадан Кипрде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның жүлдегері атанды
ӨСКЕМЕН. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ – Паралимниде (Кипр, Грекия) өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда өскемендік төрт оқушы мәртебелі халықаралық форумда жүлдегер атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оқушылар тарих, биология және математика бойынша өздерінің конкурстық жобаларын ұсынды. Екі жоғары сынып оқушысы Жанболат Күсіпахметов пен Алтынай Қасымжанова бірінші орынды, ал Расул Қасымханов пен Жандос Әбдіқалықов екінші орынды иеленді.Бұл оқушылардың барлығы да өздерінің ғылыми жобаларымен бес жыл бойы тыңғылықты жұмыстар жүргізіп келеді. Олар бұған дейін түрлі халықаралық және республикалық конкурстарда бірнеше рет жеңімпаз атанып, жүлделерді иеленген болатын.