Өскемендік ұстаз докторлық диссертациясын Италияда қорғады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Енді Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұстаздар құрамында PhD докторы бар. Марат Нұризинов докторлық диссертациясын Италияда қорғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Соңғы екі жылдан бері Марат Қабидолдинұлы Нұризинов математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол мектепте «Назарбаев зияткерлік мектептеріне оқуға түсу үшін дайындық» элективті курсын жүргізетін. Білікті ұстаз білімін жетілдіре отырып, Қ.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің магистрі дәрежесін алып, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің докторантурасына түсуге мүмкіндік алған.

«2014 жылы техникалық университет Италияның Siena институтымен ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Осы келісім бойынша мен мыңжылдық тарихы бар Еуропаның ең көне оқу орындарының біріне оқуға түстім»,-деді Марат Нұризинов.

Осы бағытта атқарылған жанкешті еңбек пен ауқымды жұмыстар жемісін беріп, ол 24 қараша күні диссертациясын қорғап шықты. Бұл ретте комиссия құрамында түрлі мемлекеттерден көптеген ғалымдардың болғандығын айта кету керек. Ол осы оқу орнында білім алған және оны бітірген жалғыз қазақ болып отыр.

Соңғы жаңалықтар