Өскемендіктер «Гаухар лиганың» триумфаторы Ольга Рыпакованы күтіп алды

ШҚО ДШСБ баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанның атақты жеңіл атлеті өзінің әлемдік жетістігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Церюхтің «Летцигрунд» стадионында өткен «Гауһар лига-2017» жарысының шешуші сәтінде шығысқазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова үш қарғып секіруден керемет көрсеткішке ие болып, сенімді түрде «алтын» иеленді. Олимпиада чемпионының көрсеткіші 14.55 метрді құрады.
«Туған қалам әдеттегідей қуана қарсы алды. Маған қолдау көрсеткен барлық жанкүйерлерім мен жерлестеріме алғысымды білдіремін. Сіздердің қолдауларыңыз маған күш береді. Сіздердің арқаларыңызда «Гауһар лига» кезеңінде алтын медаль иелендім», - деді Ольга Рыпакова.
Айта кетейік, Лондонда өткен әлем чемпионатында Ольга қола медаль иеленген болатын. Ол жолы спортшы 14.77 метр көрсеткішпен Юлимар Рохаз (Венесуэла) және Катерин Ибаргуэнге (Колумбия) жол берді. Алайда, бұл жолы төртінші талпыныста жеңіл атлет 14.55 көрсеткішпен қарсыластарынан озып шықты. Екінші орынды Юлимар Рохаз (14.52 метр), ал, үшіншіні - Катерин Ибаргуэн (14.48 метр) иеленді.