Өскемендіктер танымал жерлестеріне жаңа ескерткіштер орнатады

ӨСКЕМЕН. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Биыл Өскеменде өңірдің және жалпы елдің дамуына сүбелі үлес қосқан танымал тұлғалар
None
None

- Абай мен Михаэлистің, Александр Протозановтың, Ахат Күленов пен Оралхан Бөкейдің құрметіне төрт жаңа ескерткіш орнатылады.

Қала әкімі Серік Тәукебаевтың пікірінше, бұл таңдаған ісіне адалдықпен қараған, Отанға және халқына ұлы қызмет еткен адамдарға деген құрметтің белгісі.

Бұдан басқа, танымал прозашы, Ұлы Отан соғысының партизаны Қасым Қайсенов ескерткішінің орнын ауыстыру туралы шешім қабылданды. Қаланың сыртқы бейнесінің дизайнерлік шешімі бойынша, Қасым Қайсеновтың ескерткіші анағұрлым лайықты орында тұруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар