Өскемендіктер медициналық орталық ғимаратының суықтығына шағымданды

ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Өскемен қаласының тұрғындары мамандандырылған медициналық орталық ғимаратының суықтығына наразылық білдірді.

больница
Фото: Аягөз Ізбасарова/Kazinform

Тұрғындардың айтуынша, ғимарат іші тым суық. Соның салдарынан пациенттер бірнеше көрпеге қымтанып жатады.

— Оның үстіне орталықта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кейбір науқас дәлізде жатуға мәжбүр, — дейді олар.

Халықтың сынына мамандандырылған медициналық орталықтан жауап берді.

— Ғимараттың электр желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Соның аясында жарықтандыру панельдері толығымен ауыстырылып, энергия үнемдейтін шамдар орнатылды. Мұндай ауқымды жөндеу жұмыстары 1978 жылдан бері жүргізілмеген. Сондай-ақ дүйсенбіде дизельдік генератор қондырғысын орнату жұмыстары аяқталды. Жаңа жабдық гемодиализ, хирургия бөлімшелерін және клиникалық диагностикалық зертхананы жылумен үздіксіз қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда жансақтау бөліміне екінші дизель генераторын орнату жұмыстары жалғасуда, — деп хабарлады орталық өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстауда 280 дәрігер жетіспейтіндігі хабарланған.

Соңғы жаңалықтар