01:39, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Өскеменге Қала күнін атап өту кешіне әйгілі итальяндық әнші келмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қыркүйекте Өскеменде Қала күніне орай қазақстандық және шетелдік сахна жұлдыздары өнер көрсетеді.

Облыс орталығының әкімдігінің мәліметінше, кештің басты қонақтары француз тілінде орындаған «Tu es foutu», «In tango» әндерімен танымал итальяндық әнші In-Grid, өткен ғасырдың 80-шы жылдары «D.I.S.C.O.» және «Hands Up» хиттарымен аты шыққан француздық «Ottawan» диско-дуэті болмақ. Ал қазақстандық эстрада өкілдерінен Бибігүл Төлегенова, Секен Тұрысбеков, Майра Ілиясова, Гүлмира Сарина, Қалқаман Сарин, Айнұр Тұрсынбаева, Айткүл және Қанат Құдайбергеновтер сынды өнер тарландары қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды YK-news.kz.