14:10, 04 Шілде 2012 | GMT +5
Өскеменге Кореяның Чеонгджу университетінен делегация келді
ӨСКЕМЕН. 4 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетіне танысу сапарымен Чеонгджу (Корея) университетінен делегация келді. Делагацияны Чеонгджу университетінің президенті PhD Ким Юн Бэ басқарады.

Шетелдік делегацияның құрамында ЖОО халықаралық әріптестік департаментінің директоры Янг Чисуп және халықаралық әріптестік бағдарламасының үйлестірушісі Ю Джисанг бар.
Қазақстандық ЖОО-да аталып өткендей, шетелдік қонақтар өңірлік жоғары оқу орнымен танысып, білім саласында әрі қарай әріптестік мәселелерін талқылайды.
Әріптестікті орнатуда тәжірибелік білім алу, семестрге (немесе одан көп не аз мерзімге) студенттермен ауысу мәселелері қарастырылатын болады.
Қазақстандық ЖОО-ға жасалған сапар ШҚ мемлекеттік университетінің базасында ашылған біліктілікті нығайту орталығын аралаумен басталды.